Алтай ауданында «Көңілді старт» спорттық сайысы өтті
Алтай ауданында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ерекше спорттық шара өтті.
Шараға аудандық әкімдік өкілдері, полиция прокуратура және қаланың басқа да мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен қатар профилактикалық бақылаудағы балаларда қатысқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мұндай іс-шаралар балаларды жауапкершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға үйрететінін атап өтті.
- Шара барысында балалар өздерін басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік алады. Жаңа достар тауып, бір-бірімен танысып, орта қалыптастыруға да ықпалы зор, - деді аудан әкімінің орынбасары.
Сайыс соңында қатысқан әр мемлекеттік орган өз командасындағы балаларға сыйлық жасап, ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз