Қазақстандық мерген Александра Ле Олимпиаданы 6-орынмен аяқтады
Фото: olympic.kz
Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле жекелей сында Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден финалға шыққан болатын.
Жарыс ережесі бойынша, төмен нәтиже көрсеткен спортшылар турнирден шыға бастайды.
Александра үшінші мүмкіндіктен соң, жарысты аяқтап, жалпы есепте 6-орынға тұрақтады.
Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сәтпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.
Оқи отырыңыз