Париж-2024: Ел қоржынына ең алғашқы жүлде де түсті
Ел құрамасының қоржынына ең алғашқы медаль де түсті. Мергендеріміз – Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасын (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 17:5.
Естеріңізге саламыз, Ислам мен Александра дуэті былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында да қола жүлде еншілеген.
Фото: olympic.kz
Оқи отырыңыз