Өскеменде Tartyl Fest фестивалі өтті
30 тамыз күні облыс орталығында Tartyl Fest турникке тартылу фестивалі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестиваль Қонаев қаласынан бастау алып, әр қалада жалғасып тауып жатыр.
Республика бойынша 50 рет тартылып алға шыққан қарағандылық Евгений Намның рекордын Өскемен қаласында ешкім бұза алмады.
Тек қала бойынша 18-30 жас аралығында 80 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Евгений Созончук 39 рет тартылып үздік атанды.
Айта кету керек, Өскемен қаласы бойынша аталмыш фестивалға 250-ге жуық адам қатысып, 27 қатысуша марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.