Алдағы күндері қатты жел мен жаңбыр болуы мүмкін
Алдағы үш күнде елімізде ауа райына ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді.
Жел күшейіп, жаңбыр, қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
4-5 қараша күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жауын жауады.
- 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, - дейді синоптиктер.
Оқи отырыңыз