KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

6.01.2023, 16:33 519 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

ШҚО-да демалыс күндері күн күн суытып, боран, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Атлантикалық циклон мен жауын-шашынға, әсіресе қар жаууына себеп болатын атмосфералық ағындар біртіндеп шығысқа қарай ауысып жатыр. Соның салдарынан ел аумағында ауа райы құбылмалы болады, Қазақстанның шығысында – қалың қар, оңтүстігінде – жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда мол мөлшерде жауын-шашын түседі», - дейді синоптиктер.

7 қаңтарда елдің батысынан суық арктикалық антициклон жылжи бастайды да, біртіндеп жауын-шашын тоқтайды. Содан кейін ауа температурасы әуелі батыста, кейін елдің басқа аймақтарында күрт төмендейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу