KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қатты дауыл тұрып, тағы да күн суытады

Фото: ашық дереккөз

14.04.2023, 22:28 339

15 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың көп бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс, шығыс солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында 15-20, кейде 25 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Өскемен қаласы бойынша ертең оңтүстік-шығыстан жел екпіні 15-18 м/с дейін соғады. 16 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың шығысындағы солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Мұндай метеожағдайларда ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының әлсіз бекітілген элементтерінің құлауы, көлік қозғалысының қиындауы, көрудің нашарлауы, тайғақ жол жамылғысының пайда болуы қауіптің негізгі факторларына айналады.

Халық сақтық шараларын қатаң сақтауы керек.

  Әсіресе жолдарда абай болған жөн. Автокөлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықтықты сақтап, жаяу жүргіншілер жарақат алу ықтималдығын азайту үшін шаралар қабылдауы тиіс. Егер қатты жел тұрғанда көшеде болсаңыз, мүмкіндігінше жеңіл құрылымдардан, электр желілерінен, билбордтардан және басқа аспалы құрылымдардан, ағаштардан алыс жүрген дұрыс. Көлікті үлкен және қураған ағаштардың астына қоймаңыздар, деп ескертеді өңірдегі синоптик мамандар.

Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескерту туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112-ге" қоңырау шалған абзал.

 

    

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу