Өскемен мен Риддерде тағы ауа ластанады
Фото: inbusiness.kz
"Қазгидромет" РМК-нің болжамы бойынша, 23 тамыз күні ШҚО-ның 2 қаласында ауаның ластануы жоғарылайды.
Атап айтқанда, Өскемен мен Риддер қалаларында ауада зиянды қоспалар көбейеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).