KZ
Өскемен
-18°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО-да тағы да дауылды ескерту

Фото: eldala.kz

31.10.2023, 16:21 685 Ләззат Қанатқызы

Қарашаның алғашқы күні ШҚО-да жел екпіні күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК ертеңге күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады, - дейді синоптиктер.

ШҚО ТЖД жүргізушілерге өте сақ болу керектігін ескертеді.

- Көктайғақ кездерінде кептеліс болып, жол-көлік оқиғаларының қаупі артады. Сондықтан көліктеріңізді қыс мезгіліне дайындамай, алыс жолдарға шықпаңыздар. Өзімізбен бірге жылы киім, күрек, бұзылмайтын азық-түлік пен арқан алуды ұмытпаңыз, - дейді ШҚО ТЖД мамандары.

Қандай да бір төтенше жағдайға тап болған кезде 112 арнасына хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу