KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Бүгін қар аралас жаңбыр жауады – ШҚО

Фото: halyq-uni.kz

6.12.2023, 10:01 642 Ләззат Қанатқызы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

ШҚО және Абай облыстарында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

- Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ ШҚО-ның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 30 метрге дейін жететін жел болады, - делінген хабарламада.

Абай облысында да қатты жел тұруы мүмкін.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив