Катонқарағайда туризмге тетік болатын нысандар бой көтермек
Фото: showslide.ru
Тамаша табиғаты, аспанмен астасқан таулары, қымызы мен балының арқасында Катонқарағай ауданы көпшілікке танымал. Жыл санап мұнда келетін туристер саны да артып келеді.
Аталмыш мақсатта қазір өңірде атқарылып жатқан жұмыс көп. Келесі жылға жоспарланып отырғандары да бар. Атап айтқанда, туризимге тетік болатын бірқатар нысандар бой көтермек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл туризм саласында 345,8 млн.теңгеге 2 инвестициялық жоба пайдалануға беріліпті. "Верх-Катун" пантымен емдеу орнын қайта жаңғырту жұмыстары да басталып кеткен.
Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары Катонқарағай ауылында қызмет көрсету және кең қонақ үй салу бойынша «QZ Property» -мен келіссөздер жүргізіліп, меморандумға қол қойылды. Мұнда бассейн, СПА, мейрамхана, финтнес-орталық, ойын алаңын салу жоспарда бар көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, Үлкен Нарын ауылында туристік-ақпараттық орталық қайта жаңартылып, ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Орталықтың ашылған уақытынан бері 2745 турист келген. Оның ішінде Ресей, ҚХР, Нидерланды, Франция, Канада және Испаниядан келген 105 шетелдік азамат бар.