KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Катонқарағай әкімі: "Биыл туристер саны екі есеге артты"

26.10.2020, 07:31 235

Катонқарағай ауданына келетін туристер саны жылдан жылға арта түсуде.

Әрине, туристер үшін ең қызықты әрі тартымды орындардың бірі, ол - Мұзтау тауы. Алтайдың ең биік шыңы, таңғажайып жаратылысымен туристер мен альпинистерді қашанда өзіне тарта түседі. Сондай-ақ, ел ішінде Рахман қайнарлары туралы да аңыздар кездеседі. Ауданның тағы бір көрнекті жері – Берел қорғандары.

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, биыл пандемия жағдайында туристер саны екі есеге артқан. Оның пікірінше, мәселе таза ауада және экологиялық таза өнімдерде – адамдар ағзаны оңалту, өз денсаулығын жақсарту үшін Катонқарағайға барады.

Жалпы, туризм саласында ауданда демалушыларға Рахман қайнары шипажайы, 12 пантамен емдеу орны, 5 қонақ үй және қонақтарға арналған үлкен 12 үй-жай өз қызметтерін ұсынады.

Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасының жағалауында демалыс базасының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта үйлер, асхана толығымен салынды. Бассейннің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаны 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Баян» сауықтыру кешенін кеңейту, Топқайың ауылында 60 орындық емдеу-сауықтыру кешенін, 100 орындық пантымен емдеу орталығын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив