ШҚО-да ұрланған 19 бас мал иелеріне қайтарылды
ШҚО полицейлері 48 сағат ішінде құны 5 миллион теңгеден асатын малдарды тауып, иелеріне қайтарған.
Өңірде 28-30 қараша аралығында мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған "Мал ұрлығы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өтті, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Екі күн ішінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған мал ұрлығының 10 фактісін ашқан, олардың бірі "ауыр" санатта. Сонымен қатар полицейлер сомасы бес миллион теңгеден астам 19 бас малды қайтарып берген.
48 сағат ішінде өткен жедел-профилактикалық шара барысында 80-нен астам қожайын мал баққаны үшін жауапкершілікке тартылды.