KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
523.86 544.34 5.11

Сібір елігін атқан браконьер сотталды - ШҚО

Фото: Aikyn.kz

17.09.2023, 16:38 123 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданының тұрғыны шілде айында  Никольск ауылының маңынан сібір елігін атып алған. Одан мемлекетке келтірілген залал 1 293 750 млн теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары алтайлық тұрғын тізгіндеп келе жатқан көлікті тоқтатып, тексергенде көліктен сібір елігінің еті табылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қыркүйек айында тергеу аяқталып, сотқа жеткен іске үкім шығарылды.

- Сот шешіміне сәйкес айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен (заңсыз аңшылық) кінәлі деп танылды. Оған екі жыл мерзімге аң аулауға тыйым салынып, 200 АЕК (690 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал толықтай өтелді, - делінген ақпаратта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу