KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Өскемен тұрғыны есірткі шегіп алып, трактор тізгіндеген

28.09.2023, 14:04 18 663 Ләззат Қанатқызы

Полиция қызметкерлері Әл-Фараби көшесін патрульдеу барысында 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы "JCB" маркалы тракторды тоқтатады.

Жүргізілген сараптама жүргізушінің есірткі пайдаланғанын көрсеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ, оның өткен 2022 жылы сот шешімімен өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

- Қазіргі уақытта көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін мас күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу