KZ
Өскемен
-33°
туман жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Мас күйінде көлік жүргізген 5 тұрғын ұсталды – ШҚО

Фото: azh.kz

17.10.2023, 15:38 336

Демалыс күндері өңірде 1300-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жауапкершілікке тартылғандар арасында жаяу жүргіншілер, қауіпсіздік белдігін тақпаған және көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланғандар көп болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ 5 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.

 Беспалов көшесінің маңында 32 жастағы ер адам мас күйінде көлік жүргізіп, қолға түсті. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады,  деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу