KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Өскемендік оқушы жарты миллион теңге ақша ұрлаған

3.12.2021, 09:37 100

Қараша айының ортасында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, сол күні кешкі уақытта белгісіз біреу үйінің ауласында ашық тұрған «ВАЗ» көлігінің салонынан қомақты қаражатты ұрлап кеткені туралы айтқан. Келтірілген залал 510 000 теңгені құрады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаскөйдің саусақ іздерін анықтады, сондай-ақ ұрлық жасалған сәт «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне түсіп қалған.

- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысының жеке басын анықтаған. Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап Өскемен қ. ПБ-да есепте тұрғаны анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жасөспірім апасымен бірге тұратыны, ал анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бала ШҚО білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұдан кейін жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив