KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
512.83 600.58 6.36

Бесқарағай ауданының тұрғынынан есірткі тәркіленді

28.09.2021, 14:14 292

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторы Бесқарағай АПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 46 жастағы жергілікті тұрғыннан жеке тінту жүргізу барысында камуфляж күртешесінің сол қалтасынан өсімдік тектес заты бар, қоңыр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.

- Сараптама актісіне сәйкес табылған зат салмағы 0,59 гр. құрайтын кептірілген марихуана екені анықталды. Тексеру барысында ер адамның «нашақор» санаты бойынша профилактикалық есепте тұрғаны, сондай-ақ бұрын есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды6 - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу