Мұхтар Төлеген: ШҚО-да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жыл сайын артуда
Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:
– Бүгін біздер, мәслихат депутаттары, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүктеген тапсырмалары негізінде Ата Заңымызға енгізілген түбегейлі өзгерістерге сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімін жаңаша, яғни баламалы түрде сайладық. Біздің өңіріміз соңғы жылдары қарқынды өсіп-өркендеп келе жатыр деп айта аламыз. Себебі барлық дерлік негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жыл сайын тұрақты артуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың баршамыздың алдымызға қойып отырған маңызды міндеттеріне сай облыс аумағында көптеген ауқымды жобалар қолға алынған. Міне, аталған елге тигізер пайдасы зор жоба-жоспарлардың әрмен қарай барынша тиімді жүзеге асуы үшін және өңіріміздің серпінді дамуы үшін бізге мемлекеттік қызметте мол тәжірибеге ие, ұйымдастырушылық қабілеті зор, облыстың тыныс-тіршілігін жақсы білетін, бастамашыл әрі іскер басшы қажет. Әрине, біздің ойымызша, ондай тұлға – Даниал Ахметов. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары толығымен дауыс беріп, нәтижесінде Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде бекітіліп отыр.
Оқи отырыңыз