KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Ең төменгі жалақы мөлшері 2 жылда шамамен 65% өскен

24.02.2023, 14:00 402 Ләззат Қанатқызы

2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері - 70000 теңге болып бекітілді.

2022 жылы қабылданған маңызды институттық шешім – Қазақстанда Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау жөніндегі омбудсменнің жаңа лауазымы тағайындалғандығы.

Тағы бір назар аударатын жайт – қоғамда кәсібилік пен еңбексүйгіштік сынды құндылықтарды ілгерілету және нығайту, Еңбек адамының беделін күшейту. Бұл тақырып Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөздері мен тапсырмаларына үнемі арқау болып келеді. Қазақстанның нағыз қаһармандары – өз ісін адал да жауапкершілікпен атқаратын адамдар деген идея әділетті Қазақстан қоғамының іргетастарының біріне айналуға тиіс. Тіпті өткен жылы Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын насихаттаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары да бекітілді.

Алайда тіпті қаһармандар да жалғыз идеологияға қанағаттанбайтындығы анық. Еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, олардың еңбегі іс жүзінде бағалы екенін көрсету керек. Ресми терминологияны қолдана айтқанда,  қолдаудың монетарлық құралдарына сұраныс бар. Соның бірі – Мемлекет басшысы жариялаған ЕТЖ (ең төменгі жалақы) мөлшерін кезекті ұлғайту: егер 2020 жылы ЕТЖ 42 500 теңге болса, 2023 жылы – 70 000 теңге. Екі жылда шамамен 65% өсім. Бұл неге маңызды? ЕТЖ деңгейі, мемлекеттік органдардың мәліметі бойынша, 1,6 млн жалдамалы жұмыскердің кірісіне тікелей әсер етеді. ЕТЖ-ны осылай арттырудың каскадтық әсері одан да көп адамға тиеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу