Риддерде көпсалалы аурухана кешені бой көтереді
Биыл Риддерде көпсалалы аурухана кешені бой көтереді.
Жақында аурухана құрылысымен ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров танысып қайтқан болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, ескі аурухана ғимараты 1939 жылы салыныпты.
- 140 орындық стационары және ауысымда 500 адам қабылдайтын емханасы бар көпбейінді аурухана кешенінің құрылысы биыл жалғасады, - деді Дмитрий Горьковой.
Айта кетейік, жобаның жалпы сметалық құны – 25 миллиард теңгеден асады. Оны аяқтау үшін республика бюджетінен қаржыландыру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы аясында 700 жаңа медициналық нысан ашылатыны айтылған болатын.