KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Тарбағатайда жол жөндеу жұмыстары жүйелі ме?

Шартты сурет

20.04.2023, 17:25 533 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданында ауылдық округ орталықтарына баратын негізгі жолдар 100% асфальт жолмен қамтамасыз етілген.

Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауыл тұрғындарының хал-ахуалын арттыру үшін, ең алдымен, жол инфрақұрылымын жақсарту керектігі анық. Аудан әкімдігі қазір спутник ауылдарға баратын және ауыл іші жолдарын жөндеуге кірісіп кеткен.

– Біз биыл аудандық маңыздағы ауылдық округ орталықтарына баратын негізгі жолдарды 100% асфальт жолмен қамтамасыз еттік. Атап айтқанда, Тұғыл ауылының асфальт көрмеген 7 көшесі женделді. 2023 жылы Қабанбай – Шорға, Жетіарал – Асусай, Қарсақбай – Байтоғас, Ақжар ауылының Торайғыров, Қабдешов көшелерін, Құйған ауылына баратын жолды жөндеу жоспарланған, – деп атап өтті аудан әкімі.

Ал автокөлік жолдарын жөндеу жұмысы кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 2023-2025 жылдары жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының үлесі 84,5 пайыздан 92,6 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.

– Сонымен қатар облыс басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес облыстық маңызы бар Ақжар – Шілікті автокөлік жолының 15 км және Ақжар – Омск – Майқапшағай автокөлік жолының 18 км орташа жөндеуден өтеді, жобалардың жалпы құны 1,3 млрд теңге, – дейді Дархан Шомпайұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу