Шемонаихада тағы бір тұрғын үй өртенді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шемонаиха қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.
Қызыл жалын қауіпсіздік талаптары сақталмау салдарынан тұтанған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Деповская көшесінде жеке тұрғын үйдің төбесіндегі ағаш құрылымдары, кіреберісі өртенген. Өрт сөндірушілер 75 шаршы метр алаңға жайылған тілсіз жауды ауыздықтады. Өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан шыққан, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салады:
- Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
-Үйден шыққанда электр құрылғыларын тоқтан суырып кетіңіз;
-Бір розеткаға бірнеше құрылғы қоспауға тырысыңыз;
Оқи отырыңыз