KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
504.44 545.65 5.95

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

22.10.2023, 10:31 12 139 Ләззат Қанатқызы

Славский жағалауындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты.

8 қабаттағы пәтерден шыққан өрт 1-ден 9-қабатқа дейінгі электр кабеліне тарады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы масканың көмегімен 5 тұрғынды жедел құтқарған. Ал 20 тұрғын өз бетінше шығып үлгеріпті.

- Өрт электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер 27 шаршы метр аумаққа тараған тілсіз жауды ауыздықтады. Сөндіруге барлығы 25 жеке құрам мен 8 техника жұмылдырылды,-дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу