ШҚО: Қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан 150-ден астам өрт болды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Жыл басынан бері ШҚО-да электр жабдықтары мен электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан 150-ден астам өрт оқиғасы болды.
Ал облыс орталығында дәл осы себептен 16 жағдай орын алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, көбінесе пәтердегі сымдар мен кабельдер өртенетін көрінеді.
ШҚО ТЖД электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салады:
- Кез келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
- Есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бір розеткаға бірден қоссаңыз, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін. Бұл әсіресе ескі сымдары бар үйлерге қатысты. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
- Үйден шыққан кезде әрқашан электр құрылғыларын розеткалардан өшіріңіз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.