KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
472.49 515.44 5.41

Самарда жүзуден сайыс өтті

9.04.2024, 11:13 2 729 Қызырбек Дүргінбайұлы

Самар ауданында 2011-2019 жылы туған балалар арасында тұңғыш рет жүзуден жарыс өтті. Іс-шараны аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған.
Аудандық бәсекеге елуге жуық жасөспірім қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жас спортшылар сайыста барын салды. Олардың арасында облыстық жарыстарда топ жарып жүргендер де бар екенін айтуымыз керек. 

– Балалардың дайындалғанына бір жыл ғана болды. Соның өзінде облыста өткен жарыстардан жүлделі оралып жүрді. Ерекше бір айта кететіні, жүзуден үйрететін жаттықтырушыларымыз – өте тәжірибелі, білікті мамандар. Алдағы уақытта республикалық деңгейдегі жарыстарға спортшыларымызды дайындап жатырмыз, – дейді спорт мектебінің директоры Жандос Серікұлы.

Жасөспірімдер үш түрлі әдіспен жүзіп жарысты: біріншісі – еркін жүзу, екіншісі – брасс, үшіншісі – шалқалап жүзу.  

– Біздегі бассейннің 4 жолағы бар, ұзындығы 25 метр. Алғашқы санаттағы екі топ үш түрлі әдіспен 50 метр қашықтықта жүзді. Олар: 2011-2014 жылы туғандар арасындағы қатысушылар. Ал екінші санат – 2015 және одан кіші, олар 25 метрге жүзді. Балалардың көрсеткіш нәтижелері өте жақсы, – дейді жаттықтырушы Гүлнар Мұхтаржанқызы.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі жарыста жүлделі орын алған спортшылар 13-14 сәуірде Өскемен қаласында өтетін облыстық чемпионатқа қатысады. Келесі республикалық ашық турнир 2-5 мамыр аралығында Семей қаласында өтеді. 

– Қатысушылардың кенжелері 2017-2019 жылылдары аралығындағы туғандар. Біз жүзу үйірмесіне баланы кішкентай жасынан қабылдап, үйретіп  дамытуымыз керек. Үлкендердің өз дәрежелері бар, ал кішілерінде біз тек жүзу үлгілерін көрсетеміз. Жүзу бұлшықет қозғалысын жақсы дамытады. Суға жүзе білген адамның иммунитетті жақсы болады. Бізде үш жаттықтырушы жұмыс істейді. Сонымен қатар, үш нұсқаушы бар. Жаттықтырушылар әр баламен жеке  жұмыс істейді, – дейді Гүлнар Мұхтаржанқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив