KZ
Өскемен
-25°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Билетсіз жүргендерді тексеріп жатыр – Өскемен

17.02.2023, 17:18 557 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жол ақысын төлеуден жалтарған жолаушыларды анықтау бойынша рейд жүргізілуде.

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендерге 2 АЕК (6900 теңгені) көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазір қаладағы қоғамдық көліктерде билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр. Бақылаушыларда кондукторлардан өзгеше кеудешелер мен төсбелгілер болады, - деді Өскемен қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығы.

Сондай-ақ жауапты мамандар жолаушылардан міндетті түрде бір реттік билеттерді (қолма-қол төленген жағдайда) өзінің аялдамасына дейін сақтауды сұрайды.

— Көлік картасымен, Kaspi QR арқылы немесе қолма-қол ақшамен жол жүру ақысын төлемеген жолаушы билетсіз болып саналады.  Қазіргі уақытта қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 2 АЕК (6900 теңге) құрайды,- деп атап өтті жолаушылар тасымалын басқару орталығы.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу