Өскеменде биыл қандай көшелер жөнделеді?
сурет: istockphoto.com
Облыс орталығында таяуда жол жұмыстары басталады. Қала әкімдігі негізгі жұмысты сәуір-мамыр айларында бастап кету үшін дайындықты, әдеттегідей, ертерек жүргізбек.
Биыл қаланың түрлі аудандарында асфальт ауыстырылып, екінші дәрежелі және аудандық маңызы бар учаскелер жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Мәселен, Октябрь ауданындағы Новаторов көшесі және бұрын қамтылмаған Крылов, Қайсенов көшелері. Сондай-ақ бұған дейін жөнделген Интернациональная көшесіне шығатын Тимофеев көшесін жөндеу де өзекті жұмыс болмақ. Үлбі ауданында жергілікті логистика үшін Металлургтегі жөндеу жұмыстары аса маңызды», - деп мәлімдеді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, көбінесе шағын аудандардағы жолдар жөнделеді. Красин, Шмелев Лог, Северный, Шығыс, Сол жағалау кенттерінде бірқатар көшелерге асфальт төселеді.
Жаңа асфальт төселетін көшелердің тізімін қала әкімінің ресми парақшасынан көруге болады.
Оқи отырыңыз