Өскеменде биыл қандай көшелер жөнделеді?

Шартты сурет
Биыл Өскеменнің алты ауданында жолдарға асфальт төселіп, 9 жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осы ретте шағын аудандарды дамыту бағдарламасы аясында биыл бірқатар аудандарда жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізіледі екен. Атап айтқанда:
- Прудхоз кенті;
- Самсоновка ауылы;
- 23 шағын аудан;
- 22 шағын аудан;
- Согра кенті;
- Жыланды кенті.
Орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған учаскелер:
- Теміржолшылар көшесі
- Абай даңғылы Спорт сарайынан Тракторная көшесіне дейін
- Молдағұлова көшесі
- Протозанов көшесі Үлбі көпірінен Мызы көшесіне дейін (көпір астындағы өтпе жолды қоса алғанда)
- Интернациональная көшесі (Волгоградская көшесінен Абай даңғылына дейінгі тақ жағындағы қалған бөлігі)
- "Радуга" саяжай қоғамына апаратын жол (№53 автобустың бағыты)
- Пограничная көшесі Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейін
- Қалихан Ысқақ көшесі Гагарин бульварынан Севастопольская көшесіне дейін
- Аврора көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысындағы учаске.