ШҚО-ның полиция қызметкерлері психотропты зат сатумен айналысқан топты ұстады

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері психотропты зат сатумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.
– Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізумен айналысқан топты ұстады. Олар жедел іс-шаралар аясында Абай облысы Құлбатау ауылының маңындағы тасжолдың бойында 35 жастағы Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді. Облыс орталығына бет алған «Subaru» автокөлігінің салонын тексерген жедел қызмет өкілдері пакетке оралған шамамен 1 келі «Скорость» деп аталатын А-PVP психотропты затты тапты. Бұл есірткіні облыс аумағында электронды жүйе арқылы арнайы орындарға жасырып, таратпақ болған, – деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұсталған күдікті Текелі ауданындағы сыбайластары үшін синтетикалық есірткіні жол бойындағы құпия орындарға қалдырып отырған.
– Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бағыт сілтеуімен Алматы облысының полицейлері Текелі қаласынан 40 шақырым жерде тағы бір күдіктіні ұстады. Оның көлігінен салмағы 2 келі болатын 4 бума мефедрон салынған пакет тәркіленді. Сондай-ақ сол аумақтан 154 мефедроны бар zip-пакет, бума материалдар мен таразы табылды, – деді Ақтоты Боранова.