Учаскелік инспекторларға қатысты жаңа алгоритм қабылданды
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook-те жеке аккаунтын ашады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен аптадағы шараларға тоқталмас бұрын, Мемлекет Басшысының халыққа Жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунты ашылатынын хабарлаймын. Бұл қадам - полицияның ашық, қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында.
«Учаскелік инспекторлардың жұмысы үшін жаңа алгоритм қабылданды. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Жолдауында учаскелік инспекторлардың мәртебесін жоғарылатуды тапсырған болатын. Осыған орай Ішкі істер министрлігі ЕҚЫҰ жанындағы Бағдарламалар кеңсесінің мамандарымен бірігіп, учаскелік инспекторлардың халықпен қалай жұмыс жасау қажеттігі, өз жұмыстарында қандай бағытта жүруі тиіс екендігі, қызметтік міндетін кіршіксіз атқаруы үшін білуге тиіс ережелер бар жинақтама жасап шықты», - деді ресим өкіл.
доллар қымбаттап жатыр