KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Алтайда бес науқастың жүрегіне сәтті операция жасалды

26.08.2020, 04:58 189

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бірнеше жылдан бері өңірлік медицинаның әлемдік стандарттарға сәйкес дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы ретте Алтай ауданындағы кардиоорталықтың жаңа деңгейге көтерілгені анық байқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін аталмыш кардиоорталықта бес науқастың жүрегіне сәтті операция жасалды. Хирургиялық манипуляцияларды облыстық аурухананың дәрігері Қуатжан Әбішов жүргізді. Алайда оған жергілікті дәрігерлер мен операциялық медбикелер көмектесті. Алтайлық мамандар қазірдің өзінде жаңа техникамен жұмыс істеуді жетік меңгерген.
Сондай-ақ Алтай ауданындағы кардиоорталық жаңа қызметкерлерді де қуана қарсы алады. Жұмысқа деген барлық қажеттіліктермен және тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Сол себепті жас мамандардың да жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жұмыс істеп үйренуіне мүмкіндік бар.

– Бүгін барлық операция сәтті өтті. Өте қуаныштымыз. Облыс әкімінің қолдауымен бірегей орталық ашылып қана қоймай, емханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы медицина саласы бұған дейін жетпеген биікке шықты. Қандай науқасты да қабылдап, көмек көрсетуге дайынбыз, – дейді Алтай ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Владимир Коробкин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив