KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
504.34 556.34 5.97

ШҚО-ға АҚШ-тан гуманитарлық көмек келді

18.08.2020, 05:01 275

Америка Құрама Штаттарынан гуманитарлық көмек ретінде 10 600 дана медициналық маска және 730 дана медициналық халат ШҚО-ға жеткізілді. Заттар қазір денсаулық сақтау басқармасының қоймасында тұр.

«Шығыс - адалдық аласы» жобалық кеңсесінің менеджерлері қоймаға келген медициналық жүкті бақылауға алды. Кеңсе қызметкерлерінің айтуынша, гуманитарлық көмек бөлініп, облыстағы ауруханалар мен емханаларға жеткізілетін болады.

-  Өздеріңіз білетіндей, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына келіп түскен дәрілік заттарды қабылдау және таратудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мониторингті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция және парасаттылық басқармасы мен «Шығыс-Адалдық алауы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады, - деді жобалық кеңсенің өкілі Думан Кенжеғазин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу