KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

ШҚО-ға гуманитарлық көмек жеткізілді

20.07.2020, 11:42 214

ШҚО-ға «Коронавир» препараты, маскалар мен қорғаныс костюмдері көмек ретінде жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, облыстық прокуратура, арнайы мониторинг тобы өкілдері, "Шығыс адалдық алаңы" кеңселік жобасы және Лидер.kz қозғалыс еріктілерінің қатысуымен жеткізілген тегін гуманитарлық көмекті бөлу барысына мониторинг жүргізілуде.

Айта кетсек, бұл гуманитарлық жүкті Ресей Федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіберген.

Гуманитарлық көмек аясында Ресей Федерациясынан Денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына медициналық бұйымдар: 2600 дана – тоқылмаған материалдардан жасалған қорғаныш киім жиынтығы, 21 750 дана – бір реттік үш қабатты медициналық маскалар, 230 дана – коронавир таблеткалары түсті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетке арналған қорғаныш қалқаншалармен - 25 000 дана, көзілдірікке арналған қорғанышпен – 3 600 дана, медициналық халаттармен – 6700 дана, медициналық және хирургиялық маскалармен – 18 000 дана, респираторлық маскалармен – 51 000 дана қамтамасыз етті.

Барлық түскен көмек облыстың денсаулық сақтау мекемелері арасында бөлінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив