KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

ШҚО-дағы интернатта тағы бір бала көз жұмды

20.08.2020, 05:16 71

Шығыс Қазақстан облысында интернат тәрбиеленушісі көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, Семей қаласындағы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының» тәрбиеленушісі 17 тамыз күні көз жұмған. Қазаға себеп – ми ісігі деген болжам бар. Жағдайды анықтау үшін аймақ басшысының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

– Комиссияны облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат басқарады. Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді, – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу