KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Аягөз интернатындағы төрт бала неден өлді? "Ағзаның әлсіреуі" деген не?

20.05.2020, 08:10 113

 Аягөздегі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернатта көз жұмған  4 баланың «қызылшамен емес, ағзаның әлсіреуінен қаза болды» деген ақпаратқа ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев жауап берді.

-   2 мамыр күні бас инфекционист дәрігердің төрағалығымен комиссия барып, тексеріс жүргізіп, 98 баланы медициналық тексерістен өткізді. Балалардың тамағы тоқ, оларға  барлық қызмет көрсетілген. Балалар қызылшадан да, ағзаның әлсіреуінен де көз жұмбаған, тексеру әлі жүргізіліп жатыр, - дейді басқарма басшысы.

Дегенмен, мекеменің мемлекеттік сатып алу сайтында қызыл балық, уылдырық сынды тағамдарға тапсырыс бергені көпшіліктің көңілін күпті қылған.

-   Мемлекеттк сатып алуға келетін болсақ, министрліктің бұйрығында қызыл, қара балық сияқты тағамдар нормада бар, - деп атап өтті Жасұлан Бірлікұлы.

Ал ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың айтуынша, 4 баланың ата-анасы жоқ. Балалар 1 айдың айналасында  әр түрлі туа бітті аурулардан көз жұмған, дейді. Алғашқысы 2008 жылғы ұл бала 2 сәуірде, кейінгісі 2009 жылғы ұл бала 11 сәуірде, одан кейін 2006 жылғы ұл бала 20 сәуірде, соңғысы 2012 жылғы қыз бала 29 сәуірде көз жұмды. Дүрбелең тудырған оқиғаға  байланысты енді ҚР ҚК 317 бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

-              Іс ішкі істер органдарына тапсырылды. Жауапты адамдар тергелуде. Қазірдің өзінде мекеме директоры, директордың орынбасары және басқармадағы тікелей жауапты бөлім маманы қызметтен шеттетілді. Комиссия қазіргі уақытта бейнебақылау және басқа да тәсілдер арқылы тексеріс жүргізіп жатыр. Қосымша тағы ақпараттар болады, - дейді брифингте ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат.

                Айта кетейік, қызылша ауруы мекемеге карантинге дейін енген. Нәтижесінде 9 тәрбиеленуші және 2 қызметкер ішек инфекциясын жұқтырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив