Праймериз: Үміткерлер тіркеліп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/4e6/4e6d927f75467e28250aab34c4584000.jpg)
«Nur Otan» партиясы праймериз, яғни партияішілік іріктеу өткізетіні туралы бұған дейін жазылып келді. Облыстық ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, бүгін үміткерлерді тіркеу басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі уақытта аймақ бойынша 12 үміткер өтінім беріп үлгерген екен: Өскемен қаласынан – 3, Семей қаласынан – 3, Риддер қаласынан – 2, Үржар ауданынан – 1, Глубокое ауданынан – 1, Алтай ауданынан – 2 үміткер.
Айта кету керек, республика көлемінде шығысқазақстандық үміткерлер белсенділік танытуда.
Оқи отырыңыз