Праймериз - көшбасшыларды таңдауға арналған жаңа бастама
![](/kz/uploads/posts/iblock/19d/19df4aa9024dff17145955eef27493a5.jpg)
Үстіміздегі жылы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» праймериз яғни партияішілік сайлау өткізеді.
«Nur Otan» партиясының праймериздің басты мақсаты – партияның сайлауалды тізіміне енетін депутаттардың сапалық құрамын мейлінше жақсарту. Бұл алдын -ала бәсеке және дода ұйымастыру арқылы жүреді.
«Nur Otan» партиясы еліміздегі ең әлеуетті, саны жағынан басым, ресурстық базасы тұрғысынан үлкен ұйым. «Nur Otan»-ның өз ішінде алдын ала осындай ашық іріктеу өткізілетін болса, сол таңдаудың нәтижесінде оның болашақ депутаттығына үміткерлер мықты лидерлерден құралса, ол ертең елге қызмет ететін Мәжілістің де, Маслихаттардың да, мықты болуының бірден бір кепілі. Сондықтан бұл еліміз үшін оң өзгеріс алып келеді деген сенімдемін».
Кемешева Лаура Оралбекқызы Күршім аудандық мәслихат депутаты