KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Тамыздағы ҰБТ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қадағалайды

11.08.2020, 10:54 151

17-20 тамыз аралығында Өскемендегі Аманжолов университеті мен Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде кезекті ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Талапкерлерді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қадағалайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жолы негізінен маусым-шілде кезінде шекті балл жинай алмаған талапкерлер сынақ тапсырады. Сондай-ақ нәтижесі жойылған және ҰБТ-ға мүлде жіберілмеген түлектерге де тағы бір мүмкіндік бар.

Тамыздағы тестілеу ашық әрі әділ өту үшін «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мен ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары аудиторияларды арнайы тексереді. Осы ретте ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев өңірдегі мемлекеттік комиссия мүшелерімен онлайн жиын өткізіп, тестілеу кезінде қандай да бір заңбұзушылықтарға жол берілген жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.  Мәселен 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілген тестілеу кезінде ереже бұзған 86 талапкер «қуылғанын» естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары артық білімді ақшаға сатып алмақ болған ата-аналарды да жауапкершілік  тартады. Тіпті тиісті жағдайда бас бостандығынан айыруға да барады.

Жалпы Агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп парасаттылық пен академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Егер сіз тестілеу кезінде қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа тап келсеңіз,  1424 Сall-орталығына  қоңырау шалып, хабарлай аласыз.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив