Абайдың 175-жылдығына арналған көрме өтті
28 қараша күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі ғылыми қызметкерлері Семей маңындағы Озерка ауылындағы жалпы білім беретін мектепте Тұңғыш президент күніне орай «Абай арманы - Елбасы жүрегінде» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өткізілген шарада мектеп оқушыларына экскурсия жүргізіліп, «Ұлы даланың ұлы перзенті» фильмі көрсетілді. Оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, Абайдың әні «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әңдерін орындады.
Шара соңында мектеп ұжымы мен оқушылар «Абай арманы - Елбасы жүрегінде» көрмесінен алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.