Сенбі күні Өскеменде ауа ластанады
Қазгидромет» РМК мамандары 8 тамыз күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің екі қаласында - Шымкентте және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.
Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Оқи отырыңыз