KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Министр карантин режимін ұзартуға қатысты пікір білдірді

3.08.2020, 13:50 125

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиннің ұзаруы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Карантинді ұзару мәселесі әлі таразыланып тұрғанын, біз үшін аурудың өршу не азаю динамикасы маңызды екенін түсіну керек. Яғни, біз алдағы екі аптада мәліметтерге мониторинг жүргіземіз, егер ауру тұрақты түрде азайса, оған қатысты жоспарымыз бар. Ол туралы біз мемлекеттік комиссияға шараларды кезең-кезеңімен төмендету туралы баяндадық", - дейді министр. 

Сондай-ақ министр ел бойынша 1980 төсек-орын күту режиміне ауыстырылғанын атап өтті.

Бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1069 адам анықталғаны хабарланған.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу