KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да 13 жастағы бала суға батып кетті

3.08.2020, 06:25 126

Шығыс Қазақстан облысында 13 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ТЖД қайғылы оқиға Қара Ертісте болғанын мәлімдеді.

Оқиға 2 тамыз күні болған. Бір отбасы демалу үшін Қара Ертістің жағасына барған. 13 жастағы бала шомылып жүріп, кенет батып кеткен.  Туыстары оны дереу жағаға алып шығып, Зайсан қаласының ауруханасына жеткізген. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады, – деп мәлімдеді ТЖД.

Құтқарушылар тұрғындардың рұқсат етілмеген, жабдықталмаған жерде шомылғанын айтады.

Қара Ертіс – терең әрі ағасы күшті өзен. Иірімдер де кезігеді. Сондықтан оның кез-келген тұсында шомылуға болмайды, – деп ескертті мамандар.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив