KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Коронавирус: ШҚО-да бір тәулікте 187 науқас тіркелді

31.07.2020, 10:39 245

ШҚО-да 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Жарма, Аягөз, Глубокое, Ұлан, Алтай, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай аудандарында бір тәулікте 187 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады. Оның 107-сі - ауру белгілері бар науқастар, 80-і - ауру белгілері жоқ науқастар.

Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:

26 – Шемонаиха ауданы;

28 – Өскемен қаласы;

26 – Семей қаласы;

22 – Глубокое ауданы;

12 – Алтай ауданы;

2 – Тарбағатай ауданы;

5 – Аягөз ауданы;

11 – Катонқарағай ауданы;

15 – Ұлан ауданы;

8 – Риддер қаласы;

3 – Жарма ауданы;

4 – Бесқарағай ауданы;

10 – Бородулиха ауданы;

7 – Көкпекті ауданы;

4 – Күршім ауданы;

4 – Зайсан ауданы;

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 25 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 99 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 63 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 6262 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 3989.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу