KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша көрсеткіш төмендеп келеді

5.08.2020, 09:11 255

ШҚО-да өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 122 адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның 72-сі - ауру белгілері бар науқастар, 50-і - ауру белгілері жоқ науқастар.

Бір тәулікте Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Алтай, Шемонаиха, Бородулиха, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Аягөз, Ұлан, Жарма, Күршім, Бесқарағай аудандарында 122 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:

25 – Өскемен қаласы;

19 – Семей қаласы;

11 – Тарбағатай ауданы;

10 – Катонқарағай ауданы;

9 – Глубокое ауданы;

9 – Шемонаиха ауданы;

8 – Риддер қаласы;

8 – Алтай ауданы;

5 – Бородулиха ауданы;

4 – Бесқарағай ауданы;

3 – Зайсан ауданы;

3 – Ұлан ауданы;

3 – Күршім ауданы;

3 – Аягөз ауданы;

2 –Жарма ауданы;

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 15 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 67 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 40 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Облыс бойынша жалпы науқастар саны – 6856. Сауығып шыққандар саны – 5112.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу