Коронавирус: ШҚО-да бір тәулікте 163 науқас тіркелді
ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 71 адам ауру белгілерімен анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бір тәулік ішінде барлығы 163 жаңа жағдай тіркелген, оның 71-і - ауру белгілері бар науқастар, 92-сі - ауру белгілері жоқ науқастар.
20 шілде күні Семей, Өскемен қалалары мен Жарма, Аягөз, Глубокое, Тарбағатай, Ұлан, Бородулиха, Бесқарағай, Алтай, Шемонаиха аудандарында 163 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері ауру белгілері бар COVID-19 диагнозын растады.
Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:
41 – Өскемен қаласы;
25 – Шемонаиха ауданы;
24 – Жарма ауданы;
20 – Семей қаласы;
19 – Бородулиха ауданы;
9 – Аягөз ауданы;
9 – Ұлан ауданы;
8 – Тарбағатай ауданы;
5 – Глубокое ауданы;
2 – Алтай ауданы;
1 – Бесқарағай ауданы.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 28 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 109 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 26 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4250 адамға жетті.