KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Коронавирус: ШҚО-да 130 науқас тіркелді

17.07.2020, 06:51 294

ШҚО аумағында бір тәулікте коронавирус жұқтырған 130 науқас тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпараты бойынша, 130-дың ішіндегі 75 жағдайда - ауру белгілері болса, 55 жағдай – симптомсыз.

Жаңа жағдайлар Семей, Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Жарма, Аягөз, Алтай, Глубокое, Бесқарағай, Шемонаиха, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарында тіркелген. 130 адамдар ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері ауру белгілері бар COVID-19 диагнозын растады.

Аумақтық бөлу бойынша:

50 – Өскемен қаласы;

22 – Аягөз ауданы;

15 – Семей қаласы;

8 – Шемонаиха ауданы;

7 – Глубокое ауданы;

7 – Курчатов қаласы;

6 – Жарма ауданы;

4 – Алтай ауданы;

3 – Бескарағай ауданы;

2 – Күршім ауданы;

2 – Риддер қаласы;

2 – Зайсан ауданы;

1 – Тарбағатай ауданы;

1 – Үржар ауданы.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 9 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 84 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 37 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

16 шілдедегі жағдай бойынша, облыста вирус жұқтырғандардың 3639 адамға жетті. 1886 адам - ауру белгілерімен, 1753 адам – симптомсыз. Сауығып шыққандар саны – 1885.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу