ШҚО-да бір тәулікте 85 адам коронавируспен, 24 адам пневмониямен тіркелді
ШҚО-да бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 85 адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның 65-і - ауру белгілері бар науқастар, 20-сы - ауру белгілері жоқ науқастар.
14 тамыз шілдеде Семей, Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Глубокое, Алтай, Шемонаиха, Бесқарағай, Аягөз, Көкпекті, Күршім, Ұлан, Тарбағатай, Зайсан, Бородулиха аудандарында 85 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.
Аумақтық бөлу бойынша:
18 – Өскемен қаласы;
20 – Семей қаласы;
10 - Зайсан ауданы,
3 – Курчатов қаласы;
7 – Глубокое ауданы;
2 – Күршім ауданы;
4 – Тарбағатай ауданы;
5 – Алтай ауданы;
5 – Риддер қаласы;
1 – Көкпекті ауданы;
1 – Ұлан ауданы;
2 – Аягөз ауданы;
2 - Бородулиха ауданы,
1 – Бескарағай ауданы;
3 – Шемонаиха ауданы;
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 8 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 54 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 23 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Сондай-ақ, тәулік ішінде пневмониямен ауырған 24 науқас тіркелді, оның 6 – Өскемен қаласы, 11 – Бесқарағай ауданы, 4 – Үржар ауданы, 1 – Алтай ауданы, 2 – Семей қаласы.
Облыс бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 7707 адамға жетті. Сауығып шыққандар – 6322.