KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Коронавирус: ШҚО-да науқастардың жалпы саны 8 мыңға таяды

21.08.2020, 04:29 234

ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастардың саны 8 мыңға таяды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Соңғы тәулікте 31 жаңа жағдай тіркелді, оның - 23-і ауру белгілері бар науқастар, 8-і - ауру белгілері жоқ науқастар.

20 тамыз шілде күні Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Аягөз, Көкпекті, Бородулиха, Глубокое, Үржар, Тарбағатай, Алтай, Жарма аудандарында 31 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:

8 – Өскемен қаласы;

7 – Семей қаласы;

3 – Глубокое ауданы;

2 – Аягөз ауданы;

2 – Алтай ауданы;

2 – Риддер қаласы;

2 – Тарбағатай ауданы;

1 – Бородулиха ауданы;

1 – Жарма ауданы;

1 – Көкпекті ауданы;

1 – Үржар ауданы;

1 – Шемонаиха ауданы;

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, зертханалық талдаулар 2 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 21 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 8 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Сондай-ақ, тәулік ішінде пневмониямен ауырған 16 науқас тіркелді, оның 9 – Өскемен қаласы, 3 – Семей қаласы, 2 – Бесқарағай ауданы, 1 – Аягөз ауданы, 1 – Тарбағатай ауданы.

Облыс аумағындағы жалпы науқастар саны – 7921. Сауығып шыққандар саны – 6628.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу