KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Алакөл бүгіннен бастап демалушыларды қабылдамайды

23.07.2020, 12:36 221

Үржар ауданының бас санитарлық дәрігері Ләззат Шокобалинованың қаулысына сәйкес, 23 шілдеден бастап Алакөлдегі демалыс орындары демалушыларды қабылдамайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің ақпараты бойынша, Үржар ауданы мен облыс аумағында коронавирус жұқтырған науқастар санының артуына байланысты карантин режимі мен шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданған. Қазіргі таңда мұндағы эпидемиологиялық жағдай күрделі.

Демалушылар мен жергілікті тұрғындар арасында аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Алакөлдегі демалыс базаларының жұмысы уақытша тоқтатылады. Мобильді посттардың жұмысы қайта жанданып, патруль қойылады, көлге баратын автожолдар жабылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу